Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 23.02.2018 № 120-23-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету 5 (бес) мың теңге мөлшерде жылына бір рет қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының норма талаптарына сәйкес "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы шешімнің 1 тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек қаржыландыру 2012 жылға арналған аудан бюджеті аясында жүзеге асырылады.
4. Бұрын қабылданған Ертіс аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулығы туралы" № 49-12-5 күші жойылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі Ертіс аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессияның төрағасы | Т. Бейсекина |
Ертіс аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Беспаев |