Ертіс ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 120-23-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 5900 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 215-51-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 30.12.2019 № 215-51-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына тиісті жылдың жылу маусымына отын сатып алу үшін 10 (он) мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Ертіс аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 52-13-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қаңтарда "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Ертіс аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы Л. Гунжель

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады