Лебяжі ауданы бойынша 2012 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаттары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 3/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 ақпанда N 12-9-157 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қазандағы N 1-19/180 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 11.10.2013 N 1-19/180 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы бойынша 2012 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаттарына әлеуметтік көмек қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2012.04.24 N 5/5 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Әлтаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Қ. Әлтаев

Лебяжі аудандық мәслихатының    
(V сайланған II (кезектен тыс) сессиясы)
2012 жылғы 30 қаңтардағы N 3/2 шешіміне
қосымша              

Лебяжі аудандық мәслихаттың
(V сайланған V сессиясы) 
2012 жылғы 23 сәуірдегі  
N 5/5 шешіміне      
қосымша       

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2012.04.24 N 5/5 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.

      1. Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаттары:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар;
      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
      5) зейнетақы жасындағы тұлғалар, соның ішінде:
      5-1) төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      5-2) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер;
      5-3) 100 және одан көп жастағы зейнеткерлер;
      5-4) Қазақстан Республикасына сіңірген ерең еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар;
      6) мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге;
      7) саяси қуғын - сүргін құрбандары, саяси қуғын - сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;
      8) төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылары;
      9) жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, сонымен қатар аз қамтамасыз етілген отбасыларынан оқитын студенттер;
      10) аз қамтамасыз етілген азаматтар;
      11) онкологиялық аурулармен ауыратын, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ) және туберкулездің әр түрлі формаларымен ауыратын тұлғалар;
      12) ауданға жұмыс істеуге келген (дәрігерлерден басқа) жоғарғы білімдері бар немесе орта мамандырылған білімдері бар мамандарға;
      13) аудандық денсаулық сақтау мекемесіне жұмыс істеуге келген дәрігерлер;
      14) социалистік еңбек ерлері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі  аудандық мәслихатының 2012.07.26 N 2/8 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.
      2. "Лебяжі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бөлім) азаматтар санаттарына түрлер бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындасын және қызметтер көрсетсін:
      1) әлеуметтік көмек:
      1-тармағының 1) тармақшада көрсетілген санаттарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай – 67000 теңге көлемінде;
      1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай – 3000 теңге көлемінде (Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар (бұдан әрі - ЧАЭС қатысушылары), Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан тұлғаларынан (бұдан әрі - Ауған соғысының қатысушылары) басқалары);
      1-тармағының 4) тармақшада көрсетілген санаттарға Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай, ЧАЭС қатысушыларына Еске алу күніне орай 6000 – теңге көлемінде;
      1-тармағының 5) тармақшада көрсетілген санаттарға Қарттар күніне орай - 2000 теңге көлемінде;
      1-тармағының 6) тармақшада көрсетілген санаттарға Мүгедектер күніне орай - 4000 теңге көлемінде, Жаңа жыл мерекесіне және Балаларды қорғау күніне - 3236 теңге көлемінде;
      1-тармағының 6), 8) тармақшаларында көрсетілген санаттарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - 4000 теңге көлемінде;
      1-тармағының 7) тармақшада көрсетілген санаттарға Саяси қуғын - сүргін құрбандарды еске алу күніне - 3000 теңге көлемінде;
      2) табысты ескермей:
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 1) тармақшада көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге және "Ардагер" газетіне жазылуына 8700 теңге көлемінде;
      пәтерлеріне ағымды жөндеу жасау 30000 теңге көлемінде, күрделі жөндеу жасау үшін 1000000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      айдың 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 4854 теңге көлемінде;
      айдың 25-не дейін нақты қолданғанылған электр қуатын төлеу үшін;
      айдың 25-не дейін канализациядан суды сору және су арналарын тазарту үшін 2000 теңге көлемінде;
      1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға:
      біржолғы материалдық көмек:
      жазылу компаниясы кезеңінде концлагердің бұрынғы тұтқындарына республикалық, облыстық және аудандық газеттерге және "Ардагер" газетіне жазылуына 8700 теңге көлемінде;
      жазылу компаниясы кезеңінде ЧАЭС қатысушыларына облыстық және аудандық газеттерге және "Ардагер" газетіне жазылуына 8700 теңге көлемінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      әр айдын 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін (ЧАЭС қатысушылары, Ауған соғысының қатысушыларынан басқалары) 4854 теңге көлемінде;
      тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      есептік тоқсанның 5-не дейін ЧАЭС қатысушыларына және Ауған соғысының қатысушыларына тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 8090 теңге көлемінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде санаторлы-курорттық ем алу үшін 49000 теңге көлемінде;
      өтініш беруші санаторлы-курорттық емделуден бас тартқан жағдайда, 10 (он) күн ішінде алған әлеуметтік көмекті аудан бюджетіне қайтарады;
      Астана қаласына экскурсияға бару үшін 27000 теңге көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      1-тармағының 5) тармақшада көрсетілген санаттарға Қазақстан Республикасы, облысы және ауданы бойынша ерең еңбегі үшін зейнетақы алатын тұлғаларға 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) көлемінде әр айдын 25-не дейін;
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 6) тармақшада көрсетілген санаттарға қатты отын сатып алу үшін 8090 теңге көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      жазылу компаниясы кезеңінде облыстық және аудандық газеттерге жазылуға 4500 теңге көлемінде;
      дәрі-дәрмек сатып алу үшін 8090 теңге көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек: мектепке дейінгі мүгедек–балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 АЕК көлемінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 10) тармақшада көрсетілген санаттарға бас бостандығын айыру орнынан шыққандарға 5 АЕК көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      кәсіби даярлау және қайта даярлауды өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде есептік айдың 5-не дейін;
      тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы бойынша төмен экономикалық потенциалды ауылдардан көшірілген отбасыларына, коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 9 АЕК ағымдағы айдын 25-не дейін;
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 11) тармақшада көрсетілген санаттарға онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтар 10 АЕК өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      стационарлық емделудегі туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға 5 АЕК өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғыш ауруымен ауыратын азаматтарға 10 АЕК "Павлодар облысының СПИДпен күрес және алдын алу орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      амбулаториялық емделудегі туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға 5 АЕК, өтініш жазған күннен бастап 15 күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 12) тармақшада көрсетілген санаттарға аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жаңатаң, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 113260 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай ауылдары – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Тереңкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге; Шақа, Шоқтал, Жабағлы - 200000 теңге) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      1-тармағының 13) тармақшада көрсетілген санаттарға 200000 теңгеден бастап 400000 теңгеге дейін (аудандық орталығы дәрігерлеріне 200000 теңге; Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жаңатаң, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 300000 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Тереңкөл, Төсағаш, Шақа, Шоқтал, Жабағлы – 400000 теңге) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      1-тармағының 14) тармақшада көрсетілген санаттарға айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
      бір жолғы материалдық көмек:
      1–тармағының 14) тармақшада көрсетілген санаттарға пәтерлеріне күрделі жөндеу жасау үшін 1000000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      3) табысты ескере:
      1-тармағының 5) тармақшада көрсетілген санаттарға тоқсандық материалдық көмек коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 3236 теңге көлемінде, есептік тоқсанның 5-не дейін;
      1-тармағының 9) тармақшада көрсетілген санаттарға – біржолғы материалдық көмек оқу төлем ақысын нақты төлем ақысы көлемінде мамыр және қазан айларында және ай сайынғы материалдық көмек жолақысына, жүріп-тұруына және тамақтануына 7500 теңге көлемінде, ағымдағы айдың 25-не дейін;
      біржолғы материалдық көмек:
      1-тармағының 10) тармақшада көрсетілген санаттарға құжаттандыруға (жеке куәлік) 1 АЕК, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      жеке ауланы дамыту үшін 108000 теңге көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті әйелдерге 10 АЕК көлемінде өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      оңалту орталығын ашу үшін ұсынылған нақты көлеміндегі есептеріне сәйкес өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде материалдық көмек;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан, қарастырылмаған шығыстарға байланысты (тоңау, бір айдан аса созылған ауру) өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      балалар тамағын сатып алу үшін 2 АЕК ағымдағы айдын 25-не дейін;
      зейнеткерлік алдындағы жастағы жұмыссыздарға (жасына қарай зейнеткерлікке шығуға 3 жыл қалған) 3 АЕК ағымдағы айдын 25-не дейін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі  аудандық мәслихатының 2012.07.26 N 2/8 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.
      3. Әлеуметтік көмек алу үшін әрбір санат бойынша Бөлімге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
      1) 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларында көрсетілген санаттарына – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, шаруашылық кітабынан үзінді, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке шотының көшірмесі;
      толығырақ:
      2) 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санаттарға санаторияға бару үшін – ем алу қажетін растайтын медициналық қорытынды, санаторлы-курорттық картасының көшірмесі;
      коммуналдық қызмет шығындарды өтеу үшін - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты;
      Қазақстан Республикасына сіңірген ерең еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға зейнеткер статусын растайтын құжат көшірмесі;
      3) 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі мүгедек–балаларды бала-бақшада ұстауын төлеу үшін - мектепке дейінгі мекемесінің анықтамасы;
      4) 1-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттарға әлеуметтік төлем көрсету үшін - әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      5) 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқу төлеу үшін - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, сертификаттын көшірмесі, жалпы және орта білім туралы аттестатының көшірмесі, білім қызметін көрсету аудан әкімімен, студентпен, жоғарғы оқу орнымен үш жақты келісім-шарт;
      6) 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген санаттарға жеке ауланы дамыту үшін - бөліммен, ауылдық округ әкімімен және аз қамтамассыз етілген азаматпен жеке ауланы дамытуға материалдық көмек көрсету үшін үш жақты келісім-шарт, оңалту орталығын ашу үшін - шығындарын (есептерін) растайтын құжат, жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті әйелдерге – тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты;
      7) 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санаттарға жолақысын, жүріп-тұруын және тамақтануын төлеу үшін - денсаулық сақтау мекемесінен анықтама, онкологиялық ауруына, әр түрлі туберкулез формаларымен, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғыш ауруына шалдыққан кезде баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      8) 1-тармағының 12), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттарға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді;
      9) 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан, қарастырылмаған шығыстарға байланысты (тоңау, бір айдан аса созылған ауру) – отбасы орта кіріс есебі немесе кіріс есепсіз ескерілген тиісті мекемелерінен растайтын құжат;
      10) 1–тармағының 1), 14) тармақшаларында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне күрделі жөндеу жасау үшін нақты көлемінде айқындалған жұмыстарды орындаушы мен өтініш берушінің арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі  аудандық мәслихатының 2012.07.26 N 2/8 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады