Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 17.10.2013 N 1-19/184 хаты).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi N 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 3/2 "Лебяжі ауданы бойынша 2012 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаттары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-9-157 тіркелген, 2012 жылғы 25 ақпандағы "Аққу үні" N 8 газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1–тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) социалистік еңбек ерлері.";
2–тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацында "10000" деген сандары "67000" деген сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
төртінші абзацында "көлемінде," деген сөзден кейін "күрделі жөндеу жасау үшін 1000000 теңге көлемінде," деген сөздермен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"ай сайынғы материалдық көмек:
1-тармағының 14) тармақшада көрсетілген санаттарға айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
бір жолғы материалдық көмек:
1–тармағының 14) тармақшада көрсетілген санаттарға пәтерлеріне күрделі жөндеу жасау үшін 1000000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;";
3–тармақта:
1) тармақшасы "13)" деген сандарынан кейін ", 14)" деген сандарымен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) 1–тармағының 1), 14) тармақшаларында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне күрделі жөндеу жасау үшін нақты көлемінде айқындалған жұмыстарды орындаушы мен өтініш берушінің арасындағы орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Cессия төрағасы Р. Мусин
Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев