Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 16.09.2013 N 295/59 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5–5) және 5–6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернат ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға және қабылдауға жәрдемдесу мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерге:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға арналған жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2012.12.21 N 380/44 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Қасымоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі А. Құрманова