Лебяжі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелет жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" N 282/31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 380/44 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қаңтарда N 3339 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі N 295/59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 16.09.2013 N 295/59 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1)14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5–5) және 5–6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернат ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға және қабылдауға жәрдемдесу мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелет жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" N 282/31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3235 тіркелген, 2012 жылғы 25 қазанда аудандық "Аққу үні" газетінің N 43 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерге:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға арналған жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  А.Ж. Қасымоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады