2012 жылы Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы N 156/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 маусымда N 12-10-128 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Май ауданыңын әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
      2) 50 жастан асқан адамдар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      4) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Е. Ахамбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады