Май ауданы Саты селолық округінің көше атауларын беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Саты селолық округ әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы N 1 шешімі. Павлодар облысының Май аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 06 маусымда N 12-10-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Май ауданы Саты селолық округінің Саты және Қызыл-Октябрь селоларының көшелерiне осы шешімнің қосымшасына сәйкес атаулар берiлсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Гросс Ж.К. жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                Е. Мұсабаев

Май ауданы Саты селолық әкімінің 
2012 жылғы 18 мамырдағы N 1 шешіміне
қосымша             

1. Май ауданы Саты селолық округінің
Саты селосының көше атаулары

      1) N 1 көшеге - "Иса Байзақов" атауы;
      2) N 2 көшеге - "Абай" атауы;
      3) N 3 көшеге - "30 жылдық Қазақстан" атауы;
      4) N 4 көшеге - "50 жылдық Октябрь" атауы;
      5) N 5 көшеге - "Жұмағайша Исатайқызы" атауы;
      6) N 6 көшеге - "Гагарин" атауы;
      7) N 7 көшеге - "Бауыржан Момышұлы" атауы;
      8) N 8 көшеге - "Сары-Арка" атауы.

2. Май ауданы Саты селолық округінің
Қызыл-Октябрь селосының көше атаулары

      1) N 1 көшеге – "Абай" атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады