Май ауданы Ақшиман селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық Ақшиман селолық округ әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы N 1 шешімі. Павлодар облысының Май аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 06 маусымда N 12-10-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына  сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Май ауданы Ақшиман селосының көшелерiне осы шешімнің қосымшасына сәйкес атаулар берiлсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Р.Ж. Сергазинаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                А. Хакімов

Май ауданы Ақшиман селолық
округі әкімінің 2012 жылғы
16 мамырдағы N 1 шешіміне
қосымша        

Май ауданы Ақшиман селосы көшелерiнің атаулары

      1) N 1 көшеге - "Малайсары" атауы;
      2) N 2 көшеге - "Тоқтар Әубәкіров" атауы;
      3) N 3 көшеге - "Мәди" атауы;
      4) N 4 көшеге - "Әлия Молдагұлова" атауы;
      5) N 5 көшеге - "Шоң би" атауы;
      6) N 6 көшеге - "Жүсіпбек Аймауытов" атауы;
      7) N 7 көшеге - "Балтабек Битенов" атауы;
      8) N 8 көшеге - "Абай" атауы;
      9) N 9 көшеге - "Желтоқсан" атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады