Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Май ауданы Малайсары ауылының, N 1 ферманың және N 2 ферманың көшелерiне осы шешімнің қосымшасына сәйкес атаулар берiлсiн.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман С.Арыстановаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Дюсупов
Май ауданы Малайсары селолық әкімінің
2012 жылғы 14 мамырдағы N 1 шешіміне
қосымша
1. Май ауданы Малайсары ауылының көше атаулары
1) N 1 көшеге - "Тоқтар Әубакіров" атауы;
2) N 2 көшеге - "Абай" атауы;
3) N 3 көшеге - "Амангелді Иманов" атауы;
4) N 4 көшеге - "Әйніш Арынова" атауы;
5) N 5 көшеге - "Бауыржан Момышұлы" атауы;
6) N 6 көшеге - "Әлия Молдағулова" атауы;
7) N 7 көшеге - "Мәншүк Маметова" атауы;
8) N 8 көшеге - "Достық" атауы.
2. Май ауданы Малайсары ауылының N 1 ферманың көше атаулары
1) N 1 көшеге – "Ақсарай" атауы.
3. Май ауданы Малайсары ауылының N 2 ферманың көше атаулары
1) N 1 көшеге – "Жаңасарай" атауы.