Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 24.12.2013 N 331/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санының үш пайызы көлемінде белгіленсін.
2. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесіне белгіленген квота бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберуге шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. А. Дисюповаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов