2013 жылға арналған Успен ауданының ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 56/11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қаңтарда N 3360 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 шілдедегі N 1-28/1-14/136 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 29.07.2014 N 1-28/1-14/136 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде, жылына бір рет қамтамасыз етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының норма талаптарына қатаң сәйкес "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы шешімнің 1 тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек қаржыландыру 2013 жылға арналған аудан бюджеті аясында жүзеге асырылады.
      4. Успен аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 тамыздағы (V сайланған VIІІ сессиясы) "Ауылдық елді мекенде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 40/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3219 тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйегіндегі "Апта айнасы" N 36, "Сельские будни" N 36 газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы шешімнің іске асырылуын бақылау аудан мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      6. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Т. Смағұлова

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады