Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің Қозыкеткен, Травян ауылдардың тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің Қозыкеткен ауылының көшелеріне атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округінің Травян ауылының көшелеріне атаулар берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қозыкеткен ауылдық
округінің әкімі Қ. Айбасов
Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық
округі әкімінің 2012 жылғы
8 мамырдағы N 1 шешіміне
1 қосымша
Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі
Қозыкеткен ауылының көшелер атаулар
1) N 1 көше – Абай көшесі;
2) N 2 көше – Алтынсарин көшесі;
3) N 3 көше – Иса Байзақов көшесі;
4) N 4 көше – Жамбыл Жабаев көшесі;
5) N 5 көше – Жалайыр көшесі;
6) N 6 көше – Мира көшесі;
7) N 7 көше – Победы көшесі;
8) N 8 көше – Производственная көшесі;
9) N 9 көше – Тойкен қажы көшесі;
10) N 10 көше – Торайғыров көшесі.
Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық
округі әкімінің 2012 жылғы
8 мамырдағы N 1 шешіміне
1 қосымша
Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық
округі Травян ауылының көшелер атаулар
1) N 1 көше – Достық көшесі;
2) N 2 көше - Абай көшесі;
3) N 3 көше – Тәуелсіздік көшесі.