Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы N 12/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 05 сәуірде N 12-13-145 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 тамыздағы N 140/47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 05.08.2014 N 140/47 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56–бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N 12–13–139 тіркелген, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің N 8, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Трибуна" газетінің N 8 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1–тармақ келесі мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
      "41) зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек.";
      2–тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек 49000 (қырық тоғыз мың) теңге.";
      3–тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) осы шешімнің 1–тармағының 41) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, сауықтырудан өту қажеттілігі жөніндегі медициналық қорытынды, санаторлы–курорттық картасы, профилакторияда сауықтырудан өткендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Т. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады