2013 жылы Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 57/18 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда N 3336 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 103/36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 26.12.2013 N 103/36 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56–бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік көмек алуы үшін жеке санаттарын белгілеу:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмек, Жеңіс күніне орай сыйлықтар жиынтығы, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ай сайынғы дәрі–дәрмек сатып алу, ай сайынғы коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ағымдағы айдың 20–на дейін материалдық көмек көрсету;
      2) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне тіс протезін орнату үшін өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      3) Жеңіс күніне орай Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      4) Жеңіс күніне орай "1941 – 1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тұлғаларға, "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      5) "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға ағымдағы айдың 20–на дейін коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарын өтеу;
      6) Жеңіс күніне орай 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      7) Жеңіс күніне орай концлагердің бұрынғы тұтқындарына тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      8) Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қызметкерлер мен еркімен жалданған құрамдағы тұлғаларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      9) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) Жеңіс күніне орай тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      10) Жеңіс күніне орай Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988–1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апаттық салдарды жоюға қатысушыларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек, ағымдағы айдың 20–на дейін коммуналдық қызмет бойынша ай сайынғы шығындарын өтеу;
      11) Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне орай Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушы тұлғаларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      12) Еске алу күніне орай Чернобыль атом станциясындағы аппаттық салдарды жоюға қатысушыларға тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      13) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушы тұлғаларға, 1988–1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апаттық салдарды жоюға қатысушыларға ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20–на дейін сауықтандыруға тоқсан сайын біржолғы материалдық көмек;
      14) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысушы тұлғаларға, 1988–1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апаттық салдарды жоюға қатысушыларға тіс протезін орнату үшін өтініш берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      15) концлагердің бұрынғы тұтқындарына ағымдағы айдың 20–на дейін коммуналдық қызметтері бойынша ай сайынғы шығындарының орнын өтеу;
      16) отбасы, туыстары, жақындары жоқ жалғызбастыларға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тоқсан сайын коммуналдық қызметтері бойынша ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20–на дейін шығындарының орнын толтыру;
      17) ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге коммуналдық қызметтері бойынша ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20–на дейін тоқсан сайын шығындарының орнын толтыру;
      18) жан басына шаққандағы табыстары облыста белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқитын студенттеріне оқу ақыларын, ай сайын жолақысы, жатып–тұруына және тамақтануларына көмек;
      19) жетім–студенттердің колледждегі оқу ақыларын төлеу;
      20) Шарбақты ауданының жеке санаттардағы азаматтарына әлеуметтік көмекті тағайындау комиссиясының шешімі бойынша өтініш бергеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жеке санаттардағы азаматтардың отын сатып алуы үшін және материалдық көмек көрсету:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
      мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға;
      4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      Ұлы Отан соғысына қатысшылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
      мүгедектерге және мүгедек балалары бар отбасыларына;
      жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға;
      онкологиялық және туберкулезбен ауыратын ауруларға;
      тұрмысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрып жатқан отбасыларына;
      жалғызбасты және жалғыз тұратындарға;
      ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;
      21) Қарттар күніне орай, зейнеткерлерге ұйымдарға бекітілмеген тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      22) Қарттар күніне орай 90–нан асқан және одан да үлкен жастағы зейнеткерлерге тізім берілгеннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      23) Мүгедектер күніне орай барлық топтағы мүгедектерге тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      24) Мүгедектер күніне орай мүгедек–балаларға тізім берілгеннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      25) церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға ағымдағы айдың 20–на дейін ай сайынғы көмек;
      26) туберкулезбен ауыратын ауруларға ай сайын әлеуметтік көмек, амбулаторлық жағдайдағы туберкулез ауруларына жолақысына және тамақтануларына біржолғы көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      27) онкологиялық ауруымен ауыратын ауруларға емделуге біржолғы көмек, өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      28) бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғаларға өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде біржолғы материалдық көмек;
      29) ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға Балаларды қорғау күніне орай біржолғы материалдық көмек, тізім берілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      30) мектеп бітірген жетім балаларға біржолғы көмек, өтініш берілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      31) "Шарбақтының отбасы үлгісіндегі балалар үйі" Мемлекеттік мекемесіндегі ата–анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Игілік Күніне орай біржолғы көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      32) жан басына шаққанда отбасылық орташа табысы өмір сүрудің ең төмен деңгейінен төмен, жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге берілетін біржолғы материалдық көмек, өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      33) 1 жасқа дейін емшектегі баласы бар аналарға балалар тағамын сатып алуға ағымдағы айдың 20–на дейін ай сайынғы материалдық көмек;
      34) 100 және одан ұзақ жасаған қарттарға ағымдағы айдың 20–на дейін ай сайынғы көмек;
      35) Қазақстан Республикасы және облыс алдында, ерекше еңбек сіңірген үшін зейнетақы алатын зейнеткерлерге, дербес зейнеткер куәлігі бар зейнеткерлерге зейнетақысына ай сайынғы қосымша төлем ағымдағы айдың 20 күніне дейін;
      36) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар төлемақысын алушыларға, отбасында 18 жасқа дейін 3 және одан көп балалары бар, өз еркімен жеке қосалқы шаруашылыққа ие болуға мүмкіндігі жоқ отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығын өркендетуге, жем–шөп сатып алуға берілетін біржолғы материалдық көмек, өтініш берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      37) әлеуметтік зейнетақы алатын зейнеткерлерге (еңбек өтілі жоқ) біржолғы материалдық көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      38) толық еңбек өтілі жоқ жасына қарай зейнетақы алатын зейнеткерлерге материалдық көмек, тізім берілгеннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында;
      39) жұмыспен қамту органында есепте тұрған зейнеткерлік алдындағы жастағы жұмыссыздарға біржолғы көмек, өтініш берілген мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында.
      40) зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек;
      2. Шарбақты ауданының жеке санаттарындағы азаматтарына әлеуметтік төлемдер келесі көлемде тағайындалады:
      Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне:
      Жеңіс күніне орай 75000 (жетпіс бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Жеңіс күніне орай сыйлық жиынтықтарына 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      дәрі – дәрмек сатып алуға ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайынғы төлемдер 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      тіс протезін орнату үшін 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Кореядағы соғыс оқиғаларына қатысушыларға Жеңіс күніне орай төленетін біржолғы материалдық көмек 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      Жеңіс күніне орай "1941–1945 соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған, "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі бар тұлғаларға коммуналдық қызметтері бойынша шығындарын өтеу үшін ай сайын 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери қызметкерлер мен еркімен жалданған құрамдағы тұлғаларға 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің, қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға:
      Жеңіс күніне орай 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Ауғанстаннан әскерді шығару күніне орай Ауғанстандағы соғыс оқиғаларына қатысқан тұлғаларға 6000 (алты мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Еске алу күніне орай Чернобыль атом станциясындағы аппатты жоюға қатысқандарға 6000 (алты мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      сауықтыруға, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      ай сайынғы коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      тіс протезін орнату үшін 15000 (он бес мың) теңге көлемінде біржолғы төлемдер;
      концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге ай сайын 2000 (екі мың) теңге көлемінде;
      жалғызбасты, отбасы, жақын туыстары жоқ және жалғызбасты жалғыз тұратын зейнеткерлерге тоқсан сайын коммуналдық қызмет бойынша шығындарын өтеуге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бойынша шығындарын тоқсан сайын өтеуге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      аз қамтамасыз етілген отбасылардың, облыстың жоғары оқу орындарында оқитын студенттеріне келісім–шартта көрсетілген оқу ақысы қызметінің көлемінде;
      аз қамтамасыз етілген отбасыларының облыстың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттеріне ай сайын жолақысы, жүріп–тұруы және тамақтануына 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
      колледжде оқитын жетім–студенттерге 130000 (жүз отыз мың) теңге көлемінде;
      отын сатып алу үшін материалдық көмек:
      1 тармақ 20) тармақшада көрсетілген санаттардағы Шарбақты ауылының тұрғындарына 10000 (он мың) теңге көлемінде;
      1 тармақ 20) тармақшада көрсетілген санаттардағы ауылдық округтердің тұрғындарына 14000 (он төрт мың) теңге көлемінде;
      1 тармақ 20) тармақшада көрсетілген санаттардағыларға жеке өтініштеріне сәйкес біржолғы материалдық көмек;
      Қарттар күніне орай ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1000 (бір мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Қарттар күніне орай 90–нан асқан және одан үлкен жастағы зейнеткерлерге 20000 ( жиырма мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Мүгедектер күніне орай барлық топтағы мүгедектерге 3000 (үш мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      Мүгедектер күніне орай мүгедек–балаларға 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      церебральді сал ауруымен ауыратын балалары бар аналарға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек;
      туберкулезбен ауыратын азаматтарға ай сайын әлеуметтік көмек, амбулаторлық емдеуде жүрген туберкулез ауруымен ауыратындарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      туберкулезбен ауыратын ауруларға жолақысына, тұруға және тамақтануға 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
      онкологиялық аурумен ауыратын ауруларға емделуге 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
      ата–анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Балаларды қорғау күніне орай 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      мектеп бітірген жетім балаларға 100000 (жүз мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
      "Шарбақтының отбасы үлгісіндегі балалар үйі" Мемлекеттік мекемесіндегі ата–анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға Игілік күніне орай 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы көмек;
      жүктілігіне байланысты аудандық ауруханаға дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдерге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      емшектегі баласы бар аналарға, балалар тағамын сатып алуға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын материалдық көмек;
      100 және одан ұзақ жасаған қарттарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын төлемдер;
      Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше қызметтері үшін зейнетақы алатын зейнеткерлерге, дербес зейнеткер куәлігі бар зейнеткерлерге зейнетақысына 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын төлемдер;
      жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 180000 (жүз сексен мың) теңге көлемінде, жем–шөп сатып алу үшін 25000 (жиырма мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      әлеуметтік зейнетақы алатын зейнеткерлерге (еңбек өтілі жоқ) және толық еңбек өтілі жоқ жасына қарай зейнетақы алатын зейнеткерлерге 10000 (он мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      жұмыспен қамту органында есепте тұрған зейнеткерлік алдындағы жастағы жұмыссыздарға (жасына қарай зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көмек;
      санаторлы–курорттық емделудегі және сауықтыру шығынын өтеу үшін зейнеткерлерге 49000 (қырық тоғыз мың) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 19.04.2013 N 74/23 (жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік және басқа төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) 1 тармағының 1)3)4)5)6)7)8)9)10)11)12)13)15)16)17)21)22)23)24)25)37)38) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және Аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің ұсынған тізімі негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты–жөні, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекен–жайы, жеке есепшотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      2) осы шешімнің 1 тармағының 2)14) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, медициналық анықтама (тіс протезіне жұмсалатын шығындар көрсетілуі тиіс) негізінде жүргізіледі;
      3) осы шешімнің 1 тармағының 18)19) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, Ауылдық округ әкімі жанындағы комиссиясының, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасылардың, жалпы білім беру мектебі түлегінің әлеуметтік–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама, орта білімі туралы аттестаттың көшірмелері, сертификаттың көшірмесі, жұмысқа қабілетті (жұмыс істейтін) отбасы мүшелерінің еңбекақысы туралы анықтама және жұмыс істемейтіндер үшін еңбек кітапшасының көшірмесі (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне), ата–анасының қайтыс болғандығы туралы куәлігінің көшірмесі, қамқоршыны тағайындау туралы шешім;
      4) осы шешімнің 1 тармағының 20) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, Ауылдық округ әкімінің жанындағы комиссияның тұрмыс–жағдайларын тексеру актісі, мәртебесін растайтын құжат, аудандық комиссияның шешімі;
      5) осы шешімнің 1 тармағының 26) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға "Шарбақтының туберкулезге қарсы ауруханасы" Мемлекеттік мекемесі берген тізімдер негізінде жүргізіледі;
      6) осы шешімнің 1 тармағының 27) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама негізінде жүргізіледі;
      7) осы шешімнің 1 тармағының 28) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер Шарбақты аудандық Ішкі істер бөлімі берген тізімі, есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, бас бостандығынан айыру орнынан бостандыққа шыққандығы туралы анықтама, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама негізінде жүргізіледі;
      8) осы шешімнің 1 тармағының 29)31) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға "Шарбақты ауданының оқу бөлімі" Мемлекеттік мекемесі берген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде баланың аты–жөні, туған жылы, мәртебесі, және де қамқоршысының аты-жөні, мекен–жайы, жеке есепшотының нөмірі, жеке басының куәлігі, жеке сәйкестендіру нөмірі;
      9) осы шешімнің 1 тармағының 30) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама, орта білімі туралы аттестаттың көшірмелері және мәртебесін растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі;
      10) осы шешімнің 1 тармағының 32) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама, медициналық анықтама, неке туралы куәлігі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі;
      11) осы шешімнің 1 тармағының 33) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, медициналық анықтама негізінде жүргізіледі;
      12) осы шешімнің 1 тармағының 34) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама негізінде жүргізіледі;
      13) осы шешімнің 1 тармағының 35) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, зейнеткер куәлігінің көшірмесі негізінде жүргізіледі;
      14) осы шешімнің 1 тармағының 36) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, Ауылдық округ әкімінің жанындағы комиссияның тұрмыс–жағдайларын тексеру актісі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, мәртебесін растайтын құжат, сату және сатып алу келісім–шарттың көшірмелері, ветеринариялық төлқұжат негізінде жүргізіледі. Жем–шөп сатып алу үшін жеке қосалқы шаруашылығы жөнінде қосымша анықтама тапсырылады;
      15) осы шешімнің 1 тармағының 39) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшір мелері немесе мекенжай бюросынан анықтама және жұмыссыздық мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.
      16) осы шешімнің 1 тармағының 40) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, профилакторияларда санаторлы–курорттық сауықтырудан өту үшін медициналық анықтама, санаторлы–курорттық картасы, құжаттардың көшірмелері негізінде жүргізіледі.
      4. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесіне әлеуметтік төлемдерді өз уақытында қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Шарбақты аудандық мәлихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12–13–139 тіркелген, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің № 8, 2012 жылғы 23 ақпандағы аудандық "Трибуна" газетінің № 8 жарияланған) өз күшін жойды деп есептелсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Б. Паванов

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Т. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады