Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 57/18 "2013 жылы Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 сәуірдегі N 74/23 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 03 мамырда N 3529 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы N 103/36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 26.12.2013 N 103/36 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 56–бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 57/18 "2013 жылы Шарбақты ауданындағы жеке санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3336 тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтардағы ауданның "Маралды" газетінің N 4, 2013 жылғы 24 қаңтардағы ауданның "Трибуна" газетінің N 4 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2–тармақтағы "Жеңіс күніне орай "68000 (алпыс сегіз мың)" көлемінде біржолғы материалдық көмек" сөздерінен кейін сандары мен сөздері, "75000 (жетпіс бес мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады