Ескерту. Шешімнің қолданысы 2014.02.01 дейін тоқтатылды - V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 19.12.2013 N 195 шешімімен.
Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 204 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласында белгіленген тәртіпте тіркелген келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алуы, орнатуы немесе тексеруден өткізуі бойынша шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
2) жасына жеткен зейнеткерлерге;
3) мүгедектердің бірінші, екінші және үшінші топтарына.
2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғаларға бір құралға төрт айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, екінші деңгейдегі банктердегі олардың есеп шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш иесі, тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөліміне өтініш жасайды және осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш бланкісін алады.
4. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген тұлғалар өтініштеріне келесі құжаттарды қоса береді:
1) өтініш иесінің жеке бірыңғай нөмірі (ЖБН) бар жеке басының куәлігінің көшірмесі.
ЖБН жоқ болған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке кодын алғаны туралы куәлігі қоса беріледі;
2) тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі);
3) суық және (немесе) ыстық судың қажеттілігін есептеуіш құралдарын сатып алған төлемі және орнату жөнінде;
осы шешімнің 1 тармағының 2) тармақшасында қарастырылған тұлғаларға зейнетақы алушы куәлігінің көшірмесі;
осы шешімнің 1 тармағының 3) тармақшасында қарастырылған тұлғаларға мүгедектік куәлігінің көшірмесі немесе жәрдемақы алатын куәлігінің көшірмесі.
5. Әлеуметтік көмек тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі комиссиясының төрағасы И. Лиға және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
7. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 8 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2012.09.14 № 52 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
V-ші сайланған Алматы қаласы
мәслихаты III-ші сессиясының
төрағасы Х. Берғаріпов
V-ші сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
V-ші сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы № 10
шешіміне 1 қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығы
____________________________________
зейнеткер, мүгедек, атаулы әлеуметтік
және тұрғын үй көмегін алушы
(астын сызу керек)
____________________________________
____________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)
Мекен-жайы:_________________________
____________________________________
тел: _______________________________
Жеке бас куәлігі____________________
салық төлеушінің нөмірі
(СТН)_______________________________
әлеуметтік жеке код (ӘЖК)
____________________________________
зейнеткер (мүгедектік) куәлігі
№___________________________________
Дербес шот _________________________
Өтініш
Ыстық және суық судың қажеттілігін есептейтін құралдарды ___
дана сатып алған және орнатылған (тексерілген) шығынның бағасын өтеуіңізді сұраймын.
Өтінішке қосымша: _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________________________
«___» ___________ жыл _______________________
(мерзім) (өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды: « ___ » _______________ 20___ жылы
__________ __________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні)
---------------------------------------------------------------
(кесіп алу қыры)
Азаматтың(ша) өтініші________________________________________________
№ _____ тіркелді құжаттар қабылданған мерзімі _______________________
_____________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы)