Алматы қаласы мәслихатының V сайланған ІІІ сессиясының "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 ақпандағы № 10 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІII сессиясының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 52 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қазанда N 954 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы N 204 шешімімен

      Ескерту. Шешімнің қолданысы 2014.02.01 дейін тоқтатылды - V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 19.12.2013 N 195 шешімімен.
      Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 204 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы мәслихатының V сайланған ІІІ сессиясының "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 ақпандағы № 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 932 тіркелген, 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 48 (12406) "Вечерний Алматы" және 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 29 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланды) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      8 тармақтағы "қолданысқа енгізіледі" сөздерінен соң "және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И.Лиға және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      VIII сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                             Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады