Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.08.2023 № 3/457 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 41 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 17.09.2015 № 3/558 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Алматы қаласының аумағындағы қалалық көлік қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобиль тасымалдауына жолаушының бір реттік жол жүру ақысы 80 (сексен) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |