Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/558 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қазанда № 1212 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 3/457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.08.2023 № 3/457 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 941 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 41 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Алматы қаласының әкімі

Б. Байбек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады