Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 09.10.2024 № 2 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне (№ 13-1-161 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244) "Қызылжар нұры" газетінің, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) "Проспект-СК" газетінің сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімінің преамбуласы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
1. "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ХIII Заңының 13-бабына сәйкес".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | Қалалық мәслихат |
төрағасы | хатшысы |
А. Филипенко | Л. Жолмұқанова |