"Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі N 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы N 2670 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 2101 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы N 980 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 27.05.2013 N 980 қаулысымен

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 1307 қаулысына (2012 жылғы 9 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-1-228, 2012 жылғы 24 тамыздағы № 34 (404) «Қызылжар нұры», № 34 (451) «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      «4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      2) аталған қаулымен бекітілген «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      3) аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      4) аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.»;
      5) аталған қаулымен бекітілген «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет регламентінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т.Қ. Есжановқа және «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы М.Т. Мұхамедьяровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі                  Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады