Аққайың ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы N 2-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 сәуірде N 13-2-151 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 мамырдағы N 4-5 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 4-5 Шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексі 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берiлген Аққайың ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм бiрiншi ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      V шақырылған ll сессияның                         Аудандық              төрағасы мәслихаттың                             хатшысы
       А. Фильберт                                      Қ. Құрманбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»: 2012 жылғы 6 наурыз
      «Аққайың ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                   С. Сахатов

      «Аққайың ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                           А. Чебан

      «Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылық Министрлігінің
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Аққайың аудандық аумақтық
      инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                          М. Ыбыраев

Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 2-4 шешімімен
бекітілді

Аққайың ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау
Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Аққайың ауданының елді мекендерінде Аққайың ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстауды регламенттеу мақсатында әзірленді, (бұдан әрі – Ереже), меншікте немесе басқа да қожалықта иттер мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейді.
      2. Ереже иттер мен мысықтарды ұстайтын меншік түріне байланыссыз барлық қалмастан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі мәтін бойынша Иелері) таратылады.
      3. Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңына сәйкес әзірленген.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау

      4. Санитарлық гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды сақтау жағдайында, рұқсат етілді:
      1) иттер мен мысықтарды тұрғын үй - жайларда, оның ішінде пәтерлерде ұстауға;
      2) кіре берісте ескерту тақтайша болған жағдайда аулада иттерді ұстауға;
      3) жануардың нәжіс тастау үшін ыдысы болған жағдайда және міндетті ветеринарлық өңдеу өткен иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулаға, басқа қоғамдық орындарға шығаруға;
      4) жануардың нәжіс тастау үшін ыдысы болған жағдайда арнайы иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен қоғамдық көліктің артқы бөлігінде, мысықтарды арнайы торларда (тасымалдау үшін контейнерлер) тасымалдауға. Жануарларды тасымалдау жолаушылардың мазасын алдырмау тиіс.
      5. Рұқсат етілмейді:
      1) қоғамдық орындарда, адамдардың көпшілік демалатын жерлерде мас азаматтарға барлық тұқымды иттерді қыдыртуға және шығуға;
      2) иттер мен мысықтарды жалпы пайдалануындағы жерлерде: кіреберістерде, шатырдың астында, төлелерде, баспалдақ алаңдарында, көп қабатты үйлердің ауласында, бір қабатты көп пәтерлі үйлердің ортақ ауласында ұстауға;
      3) ашық балкондарда және лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға;
      4) иттер мен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, дүкендердің сауда жасау және өндірістік орындарына әкелуге және ұстауға.
      5) иттер мен мысықтарды балаларға арналған аулалық және спорттық алаңдарда, балаларға арналған мектепке дейінгі және оқу мекемелерінің, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда қыдыртуға.

3. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері

      6. Әр түрлі аумақтарды, нысандарды күзететін күзетші иттердің иелері, қорғайтын аумаққа кіре берісте ескерту тақтайша орналастырулары қажет.
      7. Егер иттер мен мысықтар кіре берісте, баспалдақ алаңдарында, спорт алаңдарында, балалар алаңдарында, көгалдарда, тротуарларда, саябақтар мен гүл бақтарының аумағында нәжіс тастаса, ол жер иттер мен мысықтардың иесімен тез арада тазаланады.
      8. Иттер мен мысықтар өлген жағдайда иесі уақытында өлексесін тек қана мал қорымы аумағында көмуді қамтамасыз етуге міндетті.
      9. Дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына иттер мен мысықтардың иелерінің уақытша байлап қойған иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда бірге алып жүретін тұлғасыз иттер мен мысықтар қадағалаусыз деп есептеледі, аулануға және жойылуға тиісті.
      Қадағалаусыз иттер мен мысықтарды аулануын және жоюын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылады.

4. Иттер мен мысықтардың иелерінің құқығы

      10. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
      11. Айналадағыларға алаңдаушылық және қауіп–қатер жағдайлардың мүмкіндігін болдырмағанда, иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмеген.
      12. Адамдарды иттер қауып, мысықтар тістеп алған жағдайда, иесі ол жөнінде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, иттер мен мысықтарды қарау және карантиндық іс–шаралар өткізу үшін ветеринарлық емдеу мекемесіне апаруы тиіс.

5. Иттер мен мысықтардың иелерінің осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі

      13. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Кодексі 311 бабына сәйкес иттер мен мысықтардың иелері жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады