Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 тамыздағы "Айыртау ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 4-18-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 наурыздағы N 5-2-6. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 сәуірде N 13-3-156 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 6-18-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 тамыздағы "Айыртау ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 тамызда № 13-3-106 тіркелген және 2009 жылғы 4 қыркүйекте "Айыртау таңы" газетінде, 2009 жылғы 4 қыркүйекте "Айыртауские зори" газетінде жарияланған) № 4-18-3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қосымшаға сәйкес Айыртау ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бір айда тіркелген салықтың біріңғай ставкаларын белгілеу".

      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      II сессиясының төрағасы С. Пономарев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Р. Тілеубаева

      КЕЛІСІЛДІ: 7 наурыз 2012 жыл

      Айыртау ауданы бойынша

      салық басқармасының бастығы

      А.С. Жантеміров

  Аудандық мәслихат сессиясының
  2012 жылғы 7 наурыздағы № 5-2-6 шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың бір айлық мөлшері (айлық есеп көрсеткішінде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады