Айыртау ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 05 тамыздағы N 4-18-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 тамызда N 13-3-106 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 6-18-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) № 99-IV Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Айыртау ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бір айда тіркелген салықтың біріңғай ставкаларын белгілеу.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012.03.07 N 5-2-6 (бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХVIII кезектен тыс
      сессиясының төрағасы Қ. Хамзин
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы Қ. Хамзин

      КЕЛІСІЛДІ

      Айыртау ауданы бойынша

      салық басқармасының бастығы

      А. Жүсіповпен

      5 тамыз 2009 жыл

  Аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 4-18-3 шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың бір айлық мөлшері (айлық есеп көрсеткішінде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады