Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 4692 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күшін жойды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 4-18-3 "Айыртау ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде № 13-3-106 тіркелген, "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газеттерінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 5-2-6 "Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 5 тамыздағы "Айыртау ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы № 4-18-3" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі" (№ 13-3-156 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газеттерінде 2012 жылғы 26 сәуірде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      мәслихатының XVIII
      сессиясының төрағасы А.Бәйтенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      мәслихатының хатшысы Б.Жанахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады