Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы N 357 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 желтоқсанда N 1978 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар айқындалсын:

      қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері (1-қосымшаға сәйкес);

      қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі (2-қосымшаға сәйкес).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Айтмұхаметовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының әкімі
А. Тастеміров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар ауданы әкімдігінің
  2012 жылғы 7 қарашадағы
  № 357 қаулысына
  1 қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.01.2022 № 13 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің алғыс хаты.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

      4. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен құны аспайтын бағалы сыйлық.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар ауданы әкімдігінің
  2012 жылғы 7 қарашадағы
  № 357 қаулысына
  2 қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.01.2022 № 13 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақжар ауданы әкімдігі жанындағы аудандық Комиссиямен қаралады (бұдан әрі - Комиссия).

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссия қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Ақжар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақжар ауданының ПБ) енгізеді.

      3. Комиссиямен қабылданған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес қосымша Ақжар ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Ақжар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      7. Көтермелеуді төлеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау Ақжар ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады