Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 357 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1978 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауданының әкімі | К. Калиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан
облысының полиция
департаменті Ақжар
ауданының полиция
бөлімі" мемлекттік мекемесі"
Ақжар ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 21 қаңтардағы | |
№ 13 қаулысына | |
1 қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ақжар ауданы әкімдігінің | |
2012 жылғы 7 қарашадағы | |
№ 357 қаулысына | |
1 қосымша |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшері
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің алғыс хаты.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
4. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен құны аспайтын бағалы сыйлық.
Ақжар ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 21 қаңтардағы | |
№ 13 қаулысына | |
2 қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ақжар ауданы әкімдігінің | |
2012 жылғы 7 қарашадағы | |
№ 357 қаулысына | |
2 қосымша |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі
Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақжар ауданы әкімдігі жанындағы аудандық Комиссиямен қаралады (бұдан әрі - Комиссия).
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссия қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Ақжар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақжар ауданының ПБ) енгізеді.
3. Комиссиямен қабылданған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес қосымша Ақжар ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Ақжар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
7. Көтермелеуді төлеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау Ақжар ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.