«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 және 37-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес және Талшық ауылы тұрғындарының пікірінің есепке алуымен ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Талшық селосындағы жаңа атаусыз көшеге «Ақан сері» атын беру.
2. Осы шешім бірінші ресми жариялаудан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Жұрынтаев Б.А.
Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі» М.Р. Жүсіпбеков
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының құрылыс бөлімі» ММ М.М. Алимов