Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы N 4-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 маусымда N 13-5-149 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 10-7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 10-7 Шешімімен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі)

       Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы өтініш беру кезіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін мақсатында өтініш беру кезіне бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерден аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің 1,2 тармақтар күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың               Аудандық мәслихат
      IV сессиясының төрайымы                  хатшысы
      А. Нұрмағанбетова                      Б.Ысқақова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады