Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 23.05.2013 N 194 қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабына сәйкес, аудан әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметрегламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Естайұлы Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 05 сентября
№ 324 қаулысымен
бекітілген
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тұтынушы – жеке тұлғалар: мүгедек және мүгедек бала болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) уәкілетті орган – «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес тұтынушының мекенжайы бойынша тұратын орны бойынша көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 20-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысымен бекітілген, Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнің, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысы негізінде ұсынылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат www.ozsp-gm.sko.kz интернет-ресурстарында, уәкілетті органдардың стендтерде, ресми ақпарат көздерде болады.
6. Тұтынушы алатын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтиже): санаторлық-курорттық емдеумен қамтылу үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, немесе қағаз жеткізгіштегі қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: мүгедек және мүгедек бала болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушының осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты бiр тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай:
1) тұтынушыны санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қарсы медициналық көрсетілімдер болған;
2) аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған;
3) ұсынылған мәліметтер мен құжаттар дұрыс болмаған негіздемелер бойынша бас тартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
10. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы бекітілген үлгідегі өтініш және қажетті құжаттардың тізімін мемлекеттік қызмет алуға уәкілетті органның жауап маманына ұсынады;
2) уәкілетті органның жауап маманы өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді;
3) уәкілетті орган басшысы қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманға құжаттарды жолдайды;
4) уәкілетті органның жауапты маманы тұтынушыдан ұсынылған өтінішке қарауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды;
5) уәкілетті орган басшысы тұтынушыны есепке қою туралы хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды;
6) уәкілетті орган жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (болса, жеке сәйкестендiру нөмiрiн) көрсете отырып белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) мүгедек балалар үшiн – баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторлық-курорттық картасының көшiрмесiн;
5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасын);
6) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
7) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш беретiн кезде – оның жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырған соң тұтынушыға мемлекеттік қызмет алуға тұтынушы тіркелген және алатын күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi:
демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
1) уәкілетті орган басшысы;
2) уәкілетті органның жауапты маманы
3) уәкілетті органның бас маманы.
13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ дәйектілігі және әкімшілік іс-әрекеттердің қарым-қатынастарының (рәсімдер, функциялар, операциялар) мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ логикалық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы мен лауазымды тұлғалар (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) болып табылады.
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалығы мен тиімділігіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапкершілік атқарады.
16. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
17. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледі.
«Мүгедектердi санаторий-курорттық
емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға
құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган
Уәкілетті органның атауы |
Заңды мекенжайы |
Жұмыс кестесі |
Байланыс телефоны |
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
150400, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы, Ленин көшесі, 2,№ 6 кабинет |
Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30, демалыс күндері – сенбі және жексенбі |
8 (71535) 2-15-37 |
«Мүгедектердi санаторий-курорттық
емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға
құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара іс-әрекетінің сипаттамасы
1 кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге |
|||
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Қабылдау, құжаттарды тіркеу, тұтынушыға талон беру |
Құжаттарды қарастыру және өтінішке бұрыштама қою |
Құжаттарды қарастыру, құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асыру |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім) |
Басшыға құжаттарды қарастыру үшін жіберу |
Жауапты маманға орындау үшін жіберу |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басшыға қол қою үшін жіберу |
Орындау мерзімдері |
1 жұмыс күні ішінде |
1 сағат ішінде |
9 жұмыс күні ішінде |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
4 |
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) іс-әрекеттері, 1 өтініш берушіге |
|||
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № |
5 |
6 |
|
ҚФБ атауы |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті орган жауапты маманы |
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
хабарламаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелге қол қояды және уәкілетті орган жауапты маманына жолдайды |
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді |
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімші шешім) |
Құжаттарға қол қою |
Нәтиже беру |
|
Орындау мерзімдері |
1 сағат ішінде |
15 минуттан артық емес |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Іс-әрекет 1.өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді |
Іс-әрекет 2. қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды |
Іс-әрекет 3. өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, хабарлама дайындайды және уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды |
Іс-әрекет 5 мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыны мемлекеттік қызмет ұсынуға есепке қою туралы хабарлама жауабын береді |
Іс-әрекет 4 тұтынушыны мемлекеттік қызмет көрсетуге есепке қою туралы хабарламаға қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті органның жауапты маманы |
Іс-әрекет 1. өтінішті журналда тіркейді, кіріс нөмірін иелендіреді, тұтынушыға талон береді және уәкілетті органның басшысына қарауға жібереді |
Іс-әрекет 2. қарастырғаннан кейін өтінішке бұрыштама қояды және жауапты маманына орындау үшін жолдайды |
Іс-әрекет 3. өтінішке қарауды жүзеге асырады, тұтынушыға мемлекеттік қызмет ұсыну құқығын анықтау үшін құжаттардың толықтығына тексеруді жүзеге асырады, тұтынушының мәліметтерін электрондық базаға енгізеді, және қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды |
Іс-әрекет 5 мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін журналда тіркейді және тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын береді |
Іс-әрекет 4 қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды және уәкілетті органның жауапты маманына жолдайды |
«Мүгедектердi санаторий-курорттық
емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға
құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
3-қосымша