Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 06.02.2013 N 18 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы № 287 аудан әкімдігінің қаулысына (2010 жылдың 5 қаңтарындағы № 13-7-139 нормативтік-құқықтық тізілімінде тіркелген, 2011 жылдың 14 қаңтарындағы № 2 «Ауыл арайы» газетінде мемлекеттік тілде, 2011 жылдың 14 қаңтарындағы № 2 «Сельская новь» газетінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
3-ші тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 24 қарашасындағы Заңына сәйкес, қоғамдық жұмыскерлердің еңбекақы төлемі ең төмен еңбекақы мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.».
осы қаулымен бекітілген ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлерінің, мөлшерлерінің Тізбесінде:
реттік нөмірі 21-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі С. Ыбыраев
КЕЛІСІЛДІ:
«Жамбыл аудандық мұрағаты»
мемлекеттік мекемесі К.М. Төлегенов
«Жамбыл ауданының Әділет
басқармасы» мемлекеттік мекемесі Н.А. Рязанцева
«Қазақстан Республикасы Әділет
Министрлігі сот актілерін орындау
Комитеті Солтүстік Қазақстан облысы
сот актілерін орындау жөніндегі
Департаментінің Жамбыл аумақтық
бөлімі» филиалының бастығы Х.Б. Ғабдуллин