Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 21.05.2013 N 134 қаулысымен
«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының атқарушы органдарымен көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 05 қыркүйегіндегі № 256 қаулысына (2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1852 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылдың 28 қыркүйектегі № 43 «Ауыл арайы», 2012 жылдың 28 қыркүйектегі № 43 «Сельская новь» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» және «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенттері күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Е. Қ. Багеновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл аудан әкімі С. Ыбыраев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация Министрі А. Жұмағалиев
2012 жылғы 25 қараша