"2012 жылы Қызылжар ауданы бойынша ауыл шаруашылығының басым дақылдарын әрбір түрін себу бойынша оңтайлы мерзімін және субсидия алушылардың тізіміне енгізуге өтініш беру мерзімін анықтау туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі N 191 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі N 332 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 тамызда N 13-8-172. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 4 ақпандағы N 02.07-05-03/127 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 жылы Қызылжар ауданы бойынша ауыл шаруашылығының басым дақылдарын әрбір түрін себу бойынша оңтайлы мерзімін және субсидия алушылардың тізіміне енгізуге өтініш беру мерзімін анықтау туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 191 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 10 мамырда № 13-8-168 тіркелген, «Қызылжар» аудандық газетінде 2012 жылғы 18 мамырда № 20 жарияланған, «Маяк» газетінде 2012 жылғы 18 мамырда № 20 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау Қағидасының 12-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде өз күшіне енеді.

      Қызылжар
      ауданының әкімі                            В. Редин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады