Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында 2013 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландырылуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 31 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда N 2000 тіркелді

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2013 жылы қаңтар-наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        Р. Рамазанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс Министрлігі РММ
      Солтүстік Қазақстан облысы
      «Қызылжар ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Ә. Әубәкіров
      10 желтоқсан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады