Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 188 "Мағжан Жұмабаев ауданында 2012 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 маусымдағы N 268 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда N 13-9-159 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 11 қаңтардағы N 02-06\05-07/25 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 11.01.2013 N 02-06\05-07/25 хаты)

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев ауданында 2012 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы» 2012 жылғы 2 мамырдағы № 188 қаулысына (2012 жылғы 10 мамырдағы № 13-9-157 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы № 19 «Вести» және «Мағжан Жұлдызы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Ережесін бекіту туралы» Ереженің 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д.Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                     В. Бубенко
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады