Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 24.05.2013 N 184 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21–бабына сәйкес Сотүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 01 маусымдағы № 263 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде № 13-9-161 бойынша тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы «Мағжан жұлдызы», «Вести» аудандық газеттерінде № 41 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттiк қызмет регламенттерінде:
1) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу:
3–тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.»;
2) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу»:
3–тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.»;
3) «Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу:
3–тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.».
4) «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау»:
3–тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.»;
5) «Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»:
3–тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі В. Бубенко