"Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы N 13/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 тамыздағы N 5/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының әділет басқармасында 2012 жылғы 18 қыркүйекте N 1874 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 26.03.2018 № 26/4 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтіқ құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6-тармағына сәйкес, Мамлют аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 14 наурыздағы № 13/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 17 сәуірінде № 13-10-81 тіркелген, "Знамя труда" газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 20 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес":

      1) 2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      2) 2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      3) 3 қосымша алып тасталынсын".

      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Қошанов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Р. Нұрмұқанова

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Мамлют ауданы бойынша

      салық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      С. Жансеитов

      6 тамыз 2012 ж

      "Мамлют ауданының экономика

      және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Р. Ғаббасов

      6 тамыз 2012 ж

  Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 6 тамызындағы
№ 5/4 шешіміне қосымша 1
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша 1

2012 жылға арналған Мамлют ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі,стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

№ п/п

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

1 күнге (теңгеде) біржолғы талонның құны

1

Сауда үстелінен азық-түлік тауарларын сату

320

2

Шатырда азық-түлік тауарларын сату

485

3

Мәшинеден азық-түлік тауарларын сату

520

4

Көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін, шекілдеуікті қолдан сату

70

5

Сауда үстелінен көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін, шекілдеуікті сату

320

6

Мәшинеден көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін сату

712

7

Ет өнімдерін сату

412

8

Өндірістік тауарларды қолдан сату

140

9

Сауда үстелінен өндірістік тауарларды қолдан сату

320

10

Шатырда өндірістік тауарларды сату

510

  Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 6 тамызындағы
№ 5/4 шешіміне қосымша 2
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 14 наурыздағы
№ 13/3 шешіміне қосымша 2

Мамлют ауданы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болып тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

1 күнге (теңгеде)біржолғы талонның құны

1

Тұқымдар сонымен қатар отырғызатын өскіндер сату (көшеттер, өскіндер) стационарлық орындардан басқа

76

2

Бақша өнімдерін стационарлық орындардан басқа жерлерде сату

411

3

Жеке тракторлар иелерінің жер учаскелерін өңдеу жөнінде қызмет көрсету

515

4

Стационарлық орындардан басқа жерлерде саяжайларда, үй ауласында жас гүлдерді сату

180

5

Стационарлық орындардан басқа жерлерде қосалқы шаруашылық, бау–бақша, саяжай өнімдерін сату

96

6

Монша сыпырғыштарын сату

140

7

Аула сыпырғыштарын сату

190

8

Балды сату

500

9

Балықтарды сату

240

10

Ірі қара мал бағу, бір бас үшін

2,25

11

Жылқыларды бағу, бір бас үшін

3,22

12

Қойларды бағу, бір бас үшін

0,48


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады