2012 жылға Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі N 341 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 мамырда N 13-11-233 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 02.10-07-02-02 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 03.01.2013 N 02.10-07-02-02 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.06.15 N 446 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі)
      1. 2012 жылға Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким района                                И. Турков

Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
24 сәуірдегі № 341 қаулысына қосымша

2012 жылға Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері мен субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

р/с

Дақылдар атауы

Өтінім ұсыну
мерзімдері

Егістіктің
оңтайлы
мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай (орташа кеш, орташа пісетін сұрыптар)

25 мамырға дейін

17 мамырдан 31 мамырға дейін

2

Жаздық жұмсақ бидай (орташа ерте пісетін сұрыптар)

25 мамырға дейін

25 мамырдан 3 маусымға дейін

3

Жаздық қатты бидай

25 мамырға дейін

20 мамырдан 25 мамырға дейін

4

Орташа кеш пісетін сұрыпты арпа

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

5

Орташа кеш пісетін сұрыпты арпа

25 мамырға дейін

30 мамырдан 3 маусымға дейін

6

Сұлы

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

7

Қарақұмық

25 мамырға дейін

20 мамырдан 25 мамырға дейін

8

Тары

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

9

Аңқа

17 мамырға дейін

14 мамырдан 17 мамырға дейін

10

Асбұршақ

25 мамырға дейін

20 мамырдан 27 мамырға дейін

11

Қытай бұршақ

25 мамырға дейін

22 мамырдан 25 мамырға дейін

12

Кеш пісетін сұрыпты жасымық

23 мамырға дейін

15 мамырдан 23 мамырға дейін

13

Орташа пісетін сұрыпты жасымық

25 мамырға дейін

17 мамырдан 25 мамырға дейін

14

Рапс – егісі дәстүрлі сүрі жер бойынша

20 мамырға дейін

12 мамырдан 20 мамырға дейін

15

Рапс – егісі минималдық-нөлдік

25 мамырға дейін

20 мамырдан 28 мамырға дейін

16

Зығыр, қыша

25 мамырға дейін

14 мамырдан 27 мамырға дейін

17

Май дәніне арналған күнбағыс

18 мамырға дейін

15 мамырдан 18 мамырға дейін

18

Қара бидай

25 мамырға дейін

14 мамырдан 27 мамырға дейін

19

Картоп

25 мамырға дейін

15 мамырдан 30 мамырға дейін

20

Сүрлемге арналған жүгері

20 мамырға дейін

16 мамырдан 20 мамырға дейін

21

Күздік бидай

25 мамырға дейін

25 тамыздан 5 қыркүйекке дейін

22

Күздік қара бидай

25 мамырға дейін

25 тамыздан 5 қыркүйекке дейін

23

Сәбіз (тұқым)

15 мамырға дейін

10 мамырдан 15 мамырға дейін

24

Пияз (тұқым)

15 мамырға дейін

10 мамырдан 15 мамырға дейін

25

Қызылша

25 мамырға дейін

25 мамырдан 5 маусымға дейін

26

Қияр

25 мамырға дейін

18 мамырдан 5 маусымға дейін

27

Орамжапырақ көшеті

25 мамырға дейін

25 мамырдан 10 маусымға дейін

28

Қызанақ көшеті

25 мамырға дейін

28 мамырдан 10 маусымға дейін

Пішенге бір жылғы шөп

29

Судан шөбі, тары, итқонақ

25 мамырға дейін

1 маусымнан 10 маусымға дейін

30

Көпжылдық шөптер (түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас)

17 мамырға дейін

12 мамырдан 17 мамырға дейін

Пішемдемеге біржылдық шөптер

31

Сиыржоңышқа, сұлы, арпа

25 мамырға дейін

27 мамырдан 31 мамырға дейін

32

Асбұршақ, сұлы, арпа

25 мамырға дейін

5 маусымнан 7 маусымға дейін

33

Жемшопке арналған асбұршақ, тары

25 мамырға дейін

8 маусымнан 10 маусымға дейін

34

Асбұршақ, сұлы, суданка

25 мамырға дейін

8 маусымнан 10 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады