Тайынша ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы N 56 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 желтоқсанда N 1982 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 12.08.2013 N 126 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеу және тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес Тайынша аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тайынша ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншалар, шаштараздар қызметтерін төлеуге қаражат бөлу ретінде ай сайын 1000 теңге мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына тіс протездеуіне төлеу үшін ұсынылған шот-фактураның құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металлокерамикалық протездерден басқа) жылына бір рет;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдар санаттарына, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы кавалерлеріне, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғандарға (өз еркімен кеткендерге), бірінші, екінші, үшінші топтардың мүгедектеріне, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға санаториялық-курорттық емделулеріне жолдама құны мөлшерінде;
      2. Келесі белгіленсін:
      1) моншалар мен шаштараздарға барғандары үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның ауданнан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлем аталған оқиғалар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне рұқсатнамасы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылатын тіс протездеу құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металлокерамикалық протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде жылына бір рет тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсету;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банкілік операцияларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсатнамалары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бағдарламасы бойынша қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстардың қаржыландырылуы жүргізілсін.
      4. Тайынша ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізілімі белгіленсін.
      5. «Тайынша ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 08 ақпандағы № 180 аудандық мәслихат шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-171 тіркелген, «Тайынша таңы»2010 жылғы 09 сәуірдегі № 15, «Тайыншинские вести» 2010 жылғы 09 сәуірдегі № 15 аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Тайынша
      аудандық мәслихатының хатшысы
      КЕЛІСІЛДІ:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
       2012 жыл 5 қараша
      КЕЛІСІЛДІ:
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
       2012 жыл 5 қараша

А. Рафальский
 
Қ. Шәріпов
 
 
 
 
Ю. Солунина
 
 
 
 
 
Б. Сәрсембаев
 


Тайынша аудандық мәслихатының
12 жылғы 5 қарашадағы
№ 56 шешіміне қосымша

Тайынша ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар тізілімі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші (одан әрі өтініш иесі);
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедегі немесе оларға теңестірілген тұлғалардың куәлігінің көшірмесі;
      «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Алтын алқа» атағын алдында алғандардың, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы ананың, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалардың, Кеңес одағы Батырларының, Социалистік Еңбек Ерлерінің, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек даңқы кавалерлерінің, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғандардың (өз еркімен кеткендердің);
      «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңына сәйкес қуғын-сүргiндер тұлғаның құжаттың көшірмесі;
      өтініш иесінің жеке шотының көшірмесі;
      салық төлеуші нөмірінің көшірмесі;
      мүгедектің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      тісін протездеуге және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету кезінде көрсетілген қызметтердің құны туралы медициналық мекеменің шот-фактурасы;
      санаторлы-курорттық емделудің қажеттілігі туралы санаторлы-курорттық карта;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының мәртебесін растайтыны туралы зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтан анықтама.
      2. Құжаттар толық қабылданған күні құжаттардың түпнұсқасы салыстырылып тексерілгеннен кейін өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі куәландырып, іске түзіледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады