Шал ақын ауданы бойынша 2012 жылы субсидия алатындардың тізіміне енгізуге өтінім ұсынудың мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы N 121 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 мамырда N 13-14-153 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 351 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 22.10.2013 N 351 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2012 жылы Шал ақын ауданы бойынша субсидия алатындардың тізіміне енгізуге өтінім ұсынудың мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Төрегелдинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Тінеев

Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 121 қаулысына қосымша

Шал ақын ауданы бойынша 2012 жылы субсидия алатындардың тізіміне енгізуге өтінім ұсынудың мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері

Диқаншылық
аймағы

Дақыл

Өтінім ұсынудың
мерзімдері

Егіс
жүргізудің
оңтайлы
мерзімдері

II–далалық,
тегістікті,
шоқты
далалық

Орташакеш, орташа пісетін жаздық жұмсақ бидай сорттары

31 мамырға дейін

17 мамыр – 31 мамыр

Орташаерте, пісетін жаздық жұмсақ бидай сорттары

25 мамырға дейін

25 мамыр – 3 маусым

Жаздық катты бидай

20 мамырға дейін

20 мамыр - 25 мамыр

Арпаның орташакеш пісетін сорты

25 мамырға дейін

25 мамыр – 30 мамыр

Арпаның орташа пісетін сорты

30 мамырға дейін

30 мамыр – 3 маусым

Сұлы

25 мамырға дейін

25 мамыр – 30 мамыр

Қарақұмық

20 мамырға дейін

20 мамыр – 25 мамыр

Тары

25 мамырға дейін

25 мамыр – 30 мамыр

Нұт

17 мамырға дейін

14 мамыр – 17 мамыр

Бұршақ

20 мамырға дейін

20 мамыр – 27 мамыр

Соя

22 мамырға дейін

22 мамыр – 25 мамыр

Жасымықтың кеш пісетін сорты

23 мамырға дейін

15 мамыр – 23 мамыр

Жасымықтың орташа пісетін сорты

25 мамырға дейін

17 мамыр – 25 мамыр

Зәйтүн - дәстүрлі жыртылған тынайған жерге егу

20 мамырға дейін

12 мамыр – 20 мамыр

Зәйтүн - төменгі- нөлдік тыңайған жерге егу

20 мамырға дейін

20 мамыр – 28 мамыр

Зығыр, қыша

27 мамырға дейін

14 мамыр – 27 мамыр

Майлытұқымдық күнбағыс

18 мамырға дейін

15 мамыр – 18 мамыр

Рыжик

27 мамырға дейін

14 мамыр – 27 мамыр

Картоп

30 мамырға дейін

15 мамыр – 30 мамыр

Сүрлемдік жүгері

20 мамырға дейін

16 мамыр – 20 мамыр

Күздік бидай

25 тамызға дейін

25 тамыз – 5 кыркүйек

Күздік қарабидай

25 тамызға дейін

25 тамыз – 5 кыркүйек

Сәбіз (тұқым)

15 мамырға дейін

10 мамыр – 15 мамыр

Пияз (тұқым)

15 мамырға дейін

10 мамыр – 15 мамыр

Қызылша

25 мамырға дейін

25 мамыр – 5 маусым

Қияр

18 мамырға дейін

18 мамыр – 5 маусым

Қырыққабат көшеті

25 мамырға дейін

25 мамыр – 10 маусым

Қызанақ көшеті

28 мамырға дейін

28 мамыр - 10маусым

Азықтық бір жылдық шөптер: суданка шөбі, тары, могар

1 маусымға дейін

1 маусым – 10 маусым

Азықтық көп жылдық шөптер: жоңышқа, түйе бұршақ, эспарцет, костер, житняк

17 мамырға дейін

12 мамыр – 17 мамыр

Пішенге бір жылдық шөптер:



вика + сұлы + арпа

27 мамырға дейін

27 мамыр – 31 мамыр

бұршақ + сұлы + арпа

5 маусымға дейін

5 маусым – 7 маусым

бұршақ + азықтық тары

8 маусымға дейін

8 маусым – 10 маусым

бұршақ + сұлы + суданка

8 маусымға дейін

8 маусым – 10 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады