Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 3.07.2014 N 29/3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген ададарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес Шал ақын ауданының маслихаты ШЕШТІ:
1. Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, соған теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан, қайта тұрмыс құрмаған жауынгер жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен әрі әскери қызметтен өткен азаматтарға, әр топ мүгедектеріне, «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюшыларға, ядролық Семей полигонында зардап шеккен тұлғаларға жылына бір рет жолдаманың құны мөлшерінде курорттық санаторилерде емдеу;
2) Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына ай сайын моншаға, шаштаразға апару;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сонымен қатар жеңілдіктер мен жәрдемақы алатын тұлғалар мен Ұлы Отан соғысының мүгедектерін жасанды тіс салғызу; (қымбат металдар мен металлокерамикалық, металлоакрил протездерінен басқа);
4) Ай сайын Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде коммуналдық қызметке жұмсалған төлемді төлеу;
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, соған теңестірілген тұлғаларды Астана қаласына жыл сайын сапарға аттану үшін әуе жолына апару;
6) Төтенше жағдайға ұшырап, зардап шеккен отбасыларға (тұлғаларға)
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көмек көрсету;
7) Сергеевка қаласына тұрақты жұмысқа келе жатқан дәрігерлер мен ЖОО және арнайы орта оқу орны медицина түлектерін бір жолғы ақшалай қаражатпен қамсыздандыру; ( дәрігерлерге 200 000 теңге, орташа медициналық қызметкерлерге 50 000 теңге көлемінде);
8) Аз қамтылған отбасылары мен мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын отбасының ЖОО мен орташа арнайы оқу орнында оқып жатқан студенттеріне қыркүйек айында жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы төлемақы;
9) Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерге баратын аз қамтылған отбасылары мен мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балаларын ай сайынғы өтемақының мөлшерінде тамақтандыру;
10) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жыл сайын 1 маусымда 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көмек;
11) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1, 2, 3 топ мүгедектеріне жыл сайын 3 желтоқсанда 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көмек;
12) Белсенді туберкулез ауруымен ауратындарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы;
2. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жеке санаттағы тұлғаларға әлеуметтік көмек алуына тізбе құжаттарын белгілеу,
1) Курорттық санаторилерде емдеуде әлеуметтік көмекті белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес счеты, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі, курорттық санаторилерде емделу қажеттілігі туралы курорттық санаторилерде емделу картасы, курорттық санаторилерде емделуін растайтын құжаттар көшірмесі;
2) Моншаға, шаштаразға апару үшін белгіленген әлеуметтік көмекке: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес счеты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі;
3) Жасанды тіс жасату үшін белгіленген әлеуметтік көмекке: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес счеты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі, аудандық бюджетінен қарастырылған қаражат ішінде лицензиясы бар медициналық ұйымнан жасанды тістің құны белгіленген шот-фактурасы;
4) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының коммуналдық қызметін төлеуді бекіту үшін белгіленген әлеуметтік көмекке: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес счеты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі;
5) Астана қаласына сапар шегу мақсатында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, соған теңестірілген тұлғаларды әуе жолына апару үшін белгіленген әлеуметтік көмекке: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес счеты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі;
6) Төтенше жағдайға ұшырап, зардап шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес шоты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі, «Шал ақын ауданының төтенше жағдай бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінен анықтама;
7) Сергеевка қаласына тұрақты жұмысқа келе жатқан дәрігерлер мен ЖОО медицина түлектеріне, орташа медицина қызметкерлеріне әлеуметтік көмек белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес шоты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі, «Аудандық орталық емханадан медициналық мекемеге қабылдануы туралы келісімшарт» КМҚМ-дан мінездеме;
8) Аз қамтылған отбасылары мен мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын отбасының ЖОО мен орташа арнайы оқу орнында оқып жатқан студенттеріне әлеуметтік көмек белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, өтініш иесінің дербес шоты, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, соған теңестірілген тұлғалардың мүгедектік куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі, ЖОО мен орташа арнайы оқу орындарында оқып жатқан мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын отбасындағы балалардың туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі, оқу орнынан анықтама;
9) Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерге баратын аз қамтылған отбасылары мен мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балаларына әлеуметтік көмек белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, мемлекеттік мектепалды мекемелерге баратынын растайтын құжат, мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасыларының балаларының туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі, өтініш иесінің есеп шотының көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжаттарының көшірмесі;
10) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, туу туралы немесе жеке құжатының көшірмесі, өтініш иесінің дербес шоты, мүгедектік куәлігінің көшірмесі;
11) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1, 2, 3 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмекті белгілеу үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, туу туралы немесе жеке құжатының көшірмесі, өтініш иесінің дербес шоты, мүгедектік куәлігінің көшірмесі;
12) Белсенді туберкулез ауруымен ауратындарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету әлеуметтік көмек көрсету үшін: белгіленген үлгі бойынша өтініш, жеке құжатының көшірмесі, аталған аурудың барын растайтын медициналық мекемесінен құжат, өтініш иесінің дербес шоты, мекен-жайды растайтын құжат көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
3. Анықтау:
1) Ай сайынғы моншаға, шаштаразға апарудағы әлеуметтік көмек, сонымен қатар коммуналдық қызметтің төлемдері Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, соған теңестірілген тұлғаларға өтініш берілген айдан бастап белгіленіп, өтініш иесінің марқұм болған күнінен бастап немесе оның Шал ақын ауданынан кетуіне байланысты тоқтатылады. Төлемдер көрсетілген оқиға бойынша келесі айдың соңына дейін тоқтатылады.
2) Жасанды тіс орнатуда әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, соған теңестірілгендерге, сонымен қатар жеңілдіктер мен жәрдемақы алатын тұлғалар мен Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жасанды тіс салғызу; (қымбат металдар мен металлокерамикалық, металлоакрил протездерінен басқа) жылына бір рет аудандық қаражат есебінен қарастырылып белгіленеді.
4. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер екінші дәрежелі банктермен немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі лицензиясын алған ұйымдармен әлеуметтік көмек алатын тұлғаның дербес шотына ақшалай қаражаттың аударылуымен жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмек көрсетуде шығынды қаржыландыру осы мақсатта ағымдағы жылы 451.007.000 «Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қорынан жүзеге асырылады.
6. «Шал ақын ауданы азаматтарының жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шал ақын ауданы маслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 24/3 шешімінің күші жойылды деп саналсын ( 2010 жылғы 26 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13-14-100 тіркелген, «Парыз» газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 18, «Новатор» газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 19 санында жарияланған).
7. Нақты шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудандық мәслихаты Аудандық мәслихаттың
V сессиясының төрағасы хатшысы
К. Байзаков Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шал ақын ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ бастығы Т.Оразалин
2012 жылдың 1 тамызы