2012 жылға басым дақылдардың тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 314 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 02 қарашада № 2641 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2012 жылға басым дақылдардың тізбесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2012 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары белгіленсін.
      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі                        А. Мамытбеков
2012 жылғы 22 қазан

Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазан № 314
қаулысына 1–қосымша  

2012 жылға басым дақылдардың тізбесі

р/с

Басым дақылдардың атауы

1

Тары

2

Арпа

3

Майлы дақылдар (мақсары)

4

Картоп

5

Көкөніс және бақша дақылдары

6

Жабық топырақтағы көкөністер

7

Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

8

Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазан № 314
қаулысына 2–қосымша  

2012 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

р/с

Басым дақылдарының атауы

1 гектарға бюджеттік субсидиялар нормалары, теңге

1

Дәнді дақылдар (бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы)

400

2

Майлы дақылдар

3 400

3

Картоп (дәстүрлі технология)

20 000

4

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару немесе басқа да озық технологияларды қолдану арқылы өсірілетін картоп

24 000

5

Көкөніс және бақша дақылдары (дәстүрлі технология)

15 000

6

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару

технологиясын қолданумен өсірілетін көкөніс және бақша дақылдары

24 000

7

Жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналым)

2 500 000

8

Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

45 000

9

Екінші және үшінші өсу жылындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

900

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады