2012 жылға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 315 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 2642 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормалары белгіленсін.
      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
      2012 жылғы 22 қазан

  Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазандағы № 315
қаулысына қосымша

2012 жылға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындарының құнын ішінара өтеуге субсидиялар нормалары


Жеміс дақылдарының түріОтырғызу сызбасыОтырғызу және өсіру шығындары (1 вегетация), теңге
барлығысоның ішінде сатып алуға:
Көшеттер 1 гасубсидиялар нормасы, (40 %)Тіреу іш бағандарсубсидиялар нормасы, (40 %)Тамшылатып суару жүйесісубсидиялар нормасы, (40 %)Басқалай шығындарсубсидиялар нормасы, (40 %)
1234567891011
Алма ағашы8х61 202 440208 00083 200--310 800124 320683 640273 456
Алма ағашы8х51 248 080250 000100 000--310 800124 320687 280274 912
Алма ағашы8х41 316 489313 000125 200--310 800124 320692 689277 076
Алма ағашы5х31 763 173667 000266 800--370 000148 000726 173290 469
Республикалық/жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009-2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша басқа да сызбаларға сәйкес отырығызылған бақтар үшін----------

      кестенің жалғасы

Жеміс дақыл-дарының
түрі
2 вегетация, теңге3 вегетация, теңге4 вегетация, теңге
барлық шығындарСубсидиялар нормасы, (40%)барлық шығындарСубсидиялар нормасы, (40%)барлық шығындарСубсидиялар нормасы, (40%)
1121314151617
Алма ағашы47 20218 88142 44316 97700
Алма ағашы47 63919 05643 01217 20500
Алма ағашы48 28619 31443 85017 54000
Алма ағашы52 15620 86248 64219 45700
Республикалық/жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009-2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша басқа да сызбаларға сәйкес отырығызылған бақтар үшін--72 73529 094214 74385 897

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады