Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабына сәйкес V шақырылған облыстық мәслихат кезекті VІ сессиясында ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Атырау облысында су объектілерінде ортақ суды пайдаланудың қағидасы белгіленсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.
Сессия төрағасы | Т. Мұқатанов |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |
Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 3 қазандағы № 63-V шешімімен бекітілді |
Атырау облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары
1. Ортақ су пайдаланудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді.2. Ортақ су пайдалануға мынадай су объектілерін пайдалану жатады:
1) техникалық құралдарды қолданбай жер үсті көздерінен су алу кезінде;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін.
Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді.
3. Осы Қағидалар өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін анықтайды әрі меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Жергілікті өкілді органдар экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерді пайдалану және олармен жүзу және басқа да жүзетін құралдармен жүзу тыйым салынған жерлерді айқындайды.
5. Жергілікті өкілді органдар суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтін жері болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қояды.
6. Елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жеке су нысандарын немесе олардың бөліктерін пайдалану шектелуі, тоқтатылуы немесе тыйым салынуы мүмкін.
7. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы жергілікті өкілді органдарына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
8. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда жергілікті органдар ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып су пайдаланушы жазбаша хабардар етеді.
9. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды басқа шарттары туралы халықты жергілікті өкілді органдар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
10. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
11. Су объектілерін мал суару үшін ортақ су пайдалану тәртібімен қолдану ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және су объектілерінің ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылғылар болған жағдайда жол беріледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суат алаңдарын жайластыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
12. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кемелер қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу Қазақстан Республикасының "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы заңдарымен регламенттеледі.