"Атырау облысының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қаңтарда № 2683 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2013.06.21 № 238 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Атырау облысы аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсан
№ 424 қаулысына қосымша

Атырау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсан
№ 424 қаулысымен бекiтiлген

"Атырау облысы аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" электрондық мемлекеттiк қызмет (бұдан әрі – қызмет) "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, баламасыз негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz "электронды үкiмет" веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
      Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
      2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 "Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Қызметтi автоматтандыру дәрежесi: ішінара автоматтандырылған.
      4. Қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.
      5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, тапсыруға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
      3) БНАЖ - Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе;
      4) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
      5) "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құруға және мемлекеттік басқару органдары мен басқа да субъектілерге олардың өкілеттігі аясында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);
      6) "заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін құруға және мемлекеттік басқару органдары мен және басқа да субъектілерге олардың өкілеттігі аясында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
      7) құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік мекемелер мен өзге ұйымдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі – ҚФБ);
      8) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      9) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
      10) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға;
      11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйелері – Қазақстан Республикасының халықққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ тиісті министрліктермен және ведомстволармен халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет ұсыну үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);
      12) электрондық құжат – өзгедегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;
      13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      14) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);
      15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі – ЭЦҚ);
      16) "электрондық үкімет" шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі-ЭҮШ);
      17) ЭҮӨШ - "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі.

2. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қызмет берушi әрекетiнiң тәртiбi

      6. Қызмет берушiнiң ЭҮП арқылы адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара iс-қимылдың №1 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген:
      1) тұтынушы ЖСН/БСН және парольдің көмегі арқылы ЭҮП-де тіркеуді (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін атқарылады) жүзеге асырады;
      2) 1-үдеріс –қызмет алу үшін тұтынушының ЖСН/БСН және паролін ЭҮП-ге енгізу (авторландыру үдерісі);
      3) 1-шарт – ЭҮП-де тіркелген тұтынушы туралы деректердің тұпнұсқалылығын ЖСН/БСН және пароль арқылы тексеру;
      4) 2-үдеріс –тұтынушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-мен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тұтынушының нысанды (деректер енгізу) толтыруы, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген электронды түрде қажетті құжаттардың көшірмелерін сұрау салудың нысанына енгізу, сондай-ақ тұтынушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі мен шақыртылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) ЭҮШ арқылы қызмет көрсетуші өңдеу үшін ЭҮӨШ-ның автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі-АЖО) жіберу;
      9) 6-үдеріс – ЭҮӨШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
      10) 3-шарт - қызмет берушінің тұтынушы қоса берген Стандартта көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      11) 7-үдеріс – тұтынушы құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      12) 8-үдеріс – тұтынушының ЭҮП-мен қалыптастырылған қызмет қорытындысын (электрондық құжат нысанындағы анықтама) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің қызметкері ЭЦҚ қолдану арқылы құрылады.
      7. Қызмет көрсету кезінде Орталық арқылы адымдық әрекеттері мен шешімдері (функционалдық өзара iс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген:
      1) 1-үдеріс – Орталық операторының қызмет көрсету үшін ХҚКО АЖ АЖО-да логин және паролін енгізу (авторландыру үдерісі);
      2) 2-үдеріс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және Орталық операторымен тұтынушының деректерін, сондай-ақ тұтынушы өкілінің сенімхат деректерін енгізу (нотариалды куәландырылған сенімхат кезінде, басқа да сенімхатты куәландыру кезінде сенімхат мәліметтері толтырылмайды);
      3) 3-үдеріс – ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ-ға тұтынушының деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-ға тұтынушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрау салуды жолдау;
      4) 1-шарт – тұтынушы деректерінің ЖТ МДҚ-да немесе ЗТ МДҚ-да болуын, БНАЖ-да сенімхат деректерін тексеру;
      5) 4-үдеріс – тұтынушы деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болмауы, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      6) 5-үдеріс – Орталық операторымен сұрау салу нысанының қағаз түрінде құжаттардың болуы туралы белгісі бөлігін толтырылуы және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салу нысанына тіркеу мен қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-үдеріс – Орталық операторы ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (тұтынушы сұрау салуын ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЭҮӨШ АЖО жолдау);
      8) 7-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
      9) 2-шарт – қызмет берушінің тұтынушы қоса берген Стандартта көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      10) 8-үдеріс – тұтынушы құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 9-үдеріс – тұтынушының Орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (анықтама) алуы.
      8. Осы Регламенттің 4-қосымшасында ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті алған жағдайда ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметке арыздың экрандық нысаны келтірілген. Сұрау салуды толтыру және қызмет көрсетуге жауап нысандары www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында келтірілген.
      9. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салуды орындау мәртебесін тұтынушының тексеру тәсілі: "электрондық үкімет" порталында "Қызмет алу тарихы" бөлімінде, сондай-ақ қызмет берушіге өтініш білдірген кезде.
      10. Қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны ЭҮП call-орталығы телефоны арқылы алуға болады: (1414).

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      Қызмет беруші:
      Орталық Операторы;
      12. Әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен әрекет (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      13. Әрекеттердің қисынды кезеңділік арасындағы (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) өзара байланысты көрсететін диаграммалар олардың сипаттамаларына сәйкес осы Регламенттің 2, 3-қосымшаларында келтірілген.
      14. Осы Регламенттің 5-қосымшаларында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс сәйкес экрандық нысандары, 6-қосымшада – форматтық-қисындық бақылау ережелері келтірілген.
      15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Регламенттің 7-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      16. Тұтынушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
      3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды заңсыз ұстаудан қорғау).
      17. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      1) интернетке шығу;
      2) ЖСН/БСН-ның қызмет көрсетілетін тұлғада болуы;
      3) ЭҮП-да авторландыру;
      4) тұтынушыда ЭЦҚ-ның болуы.

"Атырау облысының аумағында   
таратылатын шетелдік мерзiмдi 
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша

Әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен әрекет дәйектілігі (рәсімдер, функциялар, операциялар) мәтіндік, кестелік сипаттамасы
1-кесте. ЭҮП арқылы әрекеттер сипаттамасы

1

Әрекет (жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ, АЖ атауы

тұтынушы

ЭҮП

тұтынушы

ЭҮП

тұтынушы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Әрекеттің (рәсімдердің, функциялар дың, операциялар дың) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ЖСН/БСН және паролі бойынша ЭҮП-де авторландырылады

Тұтынушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Қызметті таңдайды және сұрау салуды қалыптастырады, тұтынушының ЭЦҚ таңдауы

ЭЦҚ тұтынушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Тұтынушыны ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою) және ЭҮӨШ АЖО-ға сұрау салуды жолдау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Тұтынушының қызмет қорытындысын алуы

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұрау салудың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету

Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды бағдарлау

Сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды бағдарлау

Өтінішке нөмір беру арқылы сұрау салуды тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесі анықтаманы көрсету

5

Орындалу мерзімі

30 сек-1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек-1 минут

1,5 мин

30 сек-1 минут

10 жұмыс күні

6

Келесі әрекет нөмері

Тұтынушы деректерінде қателік болған жағдайда-2; егер авторландыру сәтті өткен жағдайда-3

Тұтынушы деректерінде қателік болған жағдайда-4; егер қателік болмаса-5

-

Тұтынушы деректерінде қателік болған жағдайда-7; егер қателік болмаса-8

-

-

2–кесте. ҚФБ-ның Орталық арқылы іс-әрекеттерінің сипаттауы

11

Әрекет ( жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

22

ҚФБ, АЖ атауы

ХҚКО АЖ АЖО

Орталық операторы

Орталық операторы

ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ, БНАЖ 

Орталық операторы

Орталық операторы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

33

Әрекеттің (рәсімдердің, функциялар дың, операциялар дың) атауы және олардың сипаттамасы

Орталық операторы логин мен пароль бойынша авторландырылады

Қызметті таңдайды және сұрау салуды қалыптастырады

ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ, БНАЖ сұрау салуды жолдау

Тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастырады

Сұрау салу нысанына қажетті құжаттар және ЭЦҚ куәлігін бекіту арқылы сұрау салуды толтыру

ЭЦҚ арқылы куәландырылған (қол қойылған) құжатты ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Тұтынушының қызмет қорытындысын алуы

44

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Өтінішке нөмір беру арқылы жүйеде сұрау салуды тіркеу

Сұрау салу сәтті қалыптасты

рылғандығы туралы хабарлама көрсету

Сұрау салуды бағдарлау

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Сұрау салудың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарлама көрсету

Сұранысты бағдарлау

Өтінішке нөмір беру арқылы сұраныс салуды тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесі анықтаманы көрсету

55

Орындалу мерзімі

30 сек-1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек-1 минут

1 минут

1 минут

30 сек-1 минут

10 жұмыс күні

66

Келесі әрекет

нөмірі

2

3

Тұтынушы деректерінде қателік болған жағдайда-4; егер қателік болмаса-5

-

-

-

Тұтынушы деректерінде қателік болған жағдайда-8; егер қателік болмаса-9

-

-

      Ескерту:
      Осы кестеде электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң технологиялық тiзбегiнде келесi әрекеттердiң аяқталу үлгiлерi, орындалу мерзiмдерi және нөмiрлерi көрсетiлiп барлық ҚФБ әрекеттерi (функциялары, рәсiмдерi, операциялары) атап көрсетiледi.
      Осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген кесте негізінде электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы құрылады.

"Атырау облысының аумағында
таратылатын шетелдік мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 2-қосымша

Әрекеттердің қисынды кезеңділік арасындағы (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) өзара байланысты көрсететін диаграмма. ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

"Атырау облысының аумағында
таратылатын шетелдік мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 3-қосымша

Әрекеттердің қисынды кезеңділік арасындағы (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) өзара байланысты көрсететін диаграмма. Орталықтың АЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер

"Атырау облысының аумағында  
таратылатын шетелдік мерзiмдi 
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 4-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметіне арыздың экрандық нысаны

________________________________________________
________________________________________________
(Арызды тіркеуші органның атауы және мекен-жайы)

Атырау облысының аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу АРЫЗ

      Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алуыңызды сұраймын:
Таратушының деректері: ___________________________________
Иесі: _____________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып жеке кәсіпкер/ заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________
                           (ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________________
(тіркеу орны, нақты мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық пошта)

№ р/т

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары таратылатын аумақ

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарының таратылатын тілі (тілдері)

Негізгі тақырыптық бағыттылығы

Мерзімділігі

таратылатын даналарының ықтимал саны

1







Қосымша: 1.________________________ (ЖК жағдайында)
Бірінші басшы/ жеке кәсіпкер ________________________________________
                                           (Т.А.Ә.)

Атырау облысының аумағында  
таратылатын шетелдік мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 5-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің экрандық нысаны. Шығыс құжатының нысаны

Атырау облысының аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" туралы Анықтама

№ ___________
(тіркеу нөмірі)
      Осы анықтама Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңына сәйкес ____________________________________________________ берілді
   (таратушының ұйымдық-құқықтық нысаны мен атауы)
және 20___жылдың "___"____________ бастап шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке қоюды растайды.

р/с

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары таратылатын аумақ

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары таратылатын тілі (тілдері)

Негізгі тақырыптық бағыттылығы

Мерзімділігі

таратылатын даналарының ықтимал саны

1







2







Анықтама 20___ жылғы "___"____________ дейін жарамды.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы _____________________

                                                      (Т.А.Ә.)

Шығыс құжатының (бас тарту) нысаны

Атырау облысының аумағында таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алудан бас тарту

      1) егер барлық қажеттi құжаттар ұсынылмаса;
      2) егер арызда толық емес немесе дұрыс емес ақпарат көрсетiлсе;
      3) егер таратушыға қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса;
      4) егер шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешiмi болса.
      Осыған байланысты шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының есепке алуға мүмкіндік жоқ.

р/с

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Шетелдік мерзiмді баспасөз басылымдары таратылатын аумақ

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары таратылатын тілі (тілдері)

Негізгі тақырыптық бағыттылығы

Мерзімділігі

таратылатын даналарының ықтимал саны

1







2







Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы _____________________
                                                      (Т.А.Ә.)

"Атырау облысының аумағында
таратылатын шетелдік мерзiмдi
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 6-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге хабарлама жасау және форматтық қисындық бақылау ережелерінің түпкілікті нысаны

Арызданушы: жеке, заңды тұлға:

Арыз нысанындағы сызық

Міндетті/ Міндетті емес

Өлшеміне форматтық- қисындық бақылау

Формат

1.

Таратушы жеке кәсіпкер/ заңды тұлғаның атауы

Міндетті

жоқ

Символды

2.

Ұйымдық-құқықтық нысаны

Міндетті

жоқ

Символды

3.

ЖСН/БСН

Міндетті

12

Санды

4.

Таратушының тіркеу орны

Міндетті

жоқ

Символды

5.

Таратушының нақты мекен-жайы

Міндетті

жоқ

Символды

6.

Таратушының телефоны

Міндетті

15

Санды

7.

Электрондық пошта

Міндетті емес

жоқ

Символды

8.

Басшы/ жеке кәсіпкердің Т.А.Ә

Міндетті

жоқ

Символды

9.

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары атауларының тізбесі

Міндетті

жоқ

Символды

10.

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары таратылатын аумақ

Міндетті

жоқ

Символды

11.

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдары таратылатын тілі (тілдері)

Міндетті

жоқ

Символды

12.

Негізгі тақырыптық бағыттылығы

Міндетті

жоқ

Символды

13.

Мерзімділігі

Міндетті

жоқ

Символды

14.

Таратылатын даналарының ықтимал саны

Міндетті

6

Санды

15.

Күні

Міндетті

8

Санды

Атырау облысының аумағында  
таратылатын шетелдік мерзiмдi 
баспасөз басылымдарын есепке алу"
электрондық мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 7-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметтерінің "сапа" және "қолжетімділік" көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

_______________________________________________________
(қызметтің атауы)

      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара канағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады