Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2013.01.31 № 47 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 316 "2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға 3 158 (үш мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына).
2. Әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
3. Қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімі осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі А. Керімов