Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 1242 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 шілдеде № 4-1-168 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 91 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2013.02.12 № 91 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 316 "2012-2014 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімі осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қала әкімі                                 А. Керімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады