1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 6 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 наурызда № 4-2-169 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Жылыой ауданының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                Р. Нұғманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады