Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қажетті мөлшерде жабдықтау үшін әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. № 1 қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
3. № 2 қосымшаға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.
5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 мамырынан туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Р. Нұғманов
Келісілді:
Жылыой ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша) Д. Тілеуов
10 мамыр 2012 ж.
Жылыой ауданының ішкі істер бөлімінің
бастығы (келісім бойынша) Н. Оразбаев
10 мамыр 2012 ж.
Жылыой аудандық орталық ауруханасының
бас дәрігері (келісім бойынша) Т. Қыдырбаев
10 мамыр 2012 ж.
Жылыой ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 152
қаулысымен бекітілген қосымша № 1
Әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Ізбасар Елтезеров - Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, комиссияБекболатұлы төрағасы;
Достан Тілеуов - Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімҚұбашұлы бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Азат Минтаев - Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі бастығының
Спатайұлы орынбасары (келісім бойынша);
Фариза Есіркепқызы - Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас
Киікбаева дәрігерінің орынбасары, медициналық
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Аслима Қуанышқызы - Медбике, комиссия хатшысы
Танкибаева
Жылыой ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 152
қаулысымен бекітілген қосымша № 2
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№ р/с |
Поселкелiк, селолық аймақтардың атаулары |
Комиссиядан өту күндерi |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
||
1 |
Ақкиізтоғай |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
2 |
Жаңа-Қаратон |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
3 |
Жем |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
4 |
Қара-арна |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
5 |
Қосшағыл |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
6 |
Құлсары |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |
7 |
Майкөмген |
мамыр-маусым, қазан–желтоқсан |